Елорда маңына 6 блок-пост қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай режиміне байланысты Нұр-Сұлтанның айналасына алты блокпост қойылған. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

Елордаға кіріп-шығатын жолдар уақытша жабылды. Қала аумағына алты блокпост қойылған.

Олар Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар, Қорғалжын және Астрахан бағыттары бойынша шаһарға кіреберісте тұр.

Бас қалада кешкі 23.00-ден таңғы сағат 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген. Шектеу шаралары қоғамдық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жалпы, шаһардағы ахуал тәртіп сақшыларының толық бақылауында.

Осы уақытта тұрғындар мен көліктің жүруіне болмайды. Тек қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелердің қызметкерлері мен көлігі арнайы рұқсатпен жүре алады. Жалпы, елорда тұрғындарына айтарым – қоғамдық орындарға бармауға тырысыңыздар, мүмкіндігінше үйде отырыңыздар, балаларды көзден таса етпеңіздер, - дейді Нұр-Сұлтанның бас коменданты, қалалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы