Елорда «қызылда» болса да, оқушылар мектепте оқи бере ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және медицина ұйымдарының КВИ-ға қарсы дайындығы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова оқушылардың мектепке оралуына қатысты пікір білдірді. 

Нұр-Сұлтан қаласы 10 наурыздан бері «қызыл» аймақта екенін белгілі. Алайда 10 наурызға дейін біз «сары» аймақта болғанбыз. Дәл осы кезде оқушылардың мектепке оралуына қатысты қаулы қабылданған болатын. Бірақ «қызыл» аймаққа өткелі бері жаңа тоқсаннан бастап дәстүрлі форматта оқитын оқушылар санын азайту мәселесі қайта қаралатын болады. Егер эпиджағдай өзгермей «қызыл» аймақта қала берер болсақ, онда жоғары сыныптардағы оқушылар санын 15 балаға дейін, төменгі сыныптардағы (5 сыныпқа дейін) оқушылар санын да азайту мәселесін қараймыз. Әзірге балалар демалыста болғандықтан, бұл сұрақ әлі талқылау үстінде, - деді ол. 

Дәрігер егер бір оқушы коронавирус инфекциясымен ауырып қалған жағдайда мектеп бойынша қандай шаралар қабылданатынын айтты.

Егер бір бала ауырса, ол инкубациялық кезеңге екі аптаға оқшауланады. Сыныптағы өзге оқушылар байланысқа түскендер болғандықтан, оларға медициналық тексеру жүргізіледі, сынып онлайн оқу режиміне көшіріледі. Ал егер мектепте 3 немесе одан да көп жағдай анықталса, онда мектепті тұтас карантинге жабу жағы қарастырылған, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтанда бүгінге дейін 9988 адамға екпе салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы