Елорда көшелерінің жаңа атаулары талқыланды

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы барысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сессияның күн тәртібінде Астана қаласының кейбір құрамдас бөлігіне атау беру мәселелері талқыланды. Бүгінде бұл мәселе көпшілік тыңдау отырысында, сессия отырысында қолдау тапқан болатын.

 Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркепов мәлімдеді.

Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы мәселе көтерілген болатын. Атап айтар болсақ, «А-23» жобалық көшесіне майдангер, жазушы, журналист Әскен Нәбиевтің атын беру,  «А-24» көшесіне Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтің атын беру, «Е-12» жобалық көшесіне Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру, «Е-20» әйгілі академик, энергетик ғалым Шапық Шөкиннің есімін беру, «Е -753» көшесіне тарихшы,ғалым, білікті дәрігер, профессор Санжар Асфендияровтың есімін беру. Сондай-ақ, №23-16 көшесі мен «Мағжан Жұмабаев» көшесін біріктіріп, «Мағжан Жұмабаев» деп қайта атау және «Мәншүк Мәметова» көшесіне «Қарамерген» деп атау жоспарда, – деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта құрып, оған атау беру туралы да мәлімдеді.

Бұл құжатта бізде 3 ұсыныс бар. Біріншісі, Әл-Фараби даңғылын сол жақ жағалауға көшіру. Екіншіден, №583  көшеге өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімін беру. Және Астана қаласында БҰҰ алаңын ашу. Бұл бізге СІМ-нен келген ұсыныстың бірі, – деді ол.

Келесі мәселе Астана қаласындағы жаңа ауданның атауын «Нұра» деп атау туралы ұсынысты тағы да ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы