Елорда көшелерінде қозғалыс ішінара шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 маусымында «Қазақ Елі» бас алаңында елорда тұрғындарының қатысуымен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.
"Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық ұжымдарының шеруіне байланысты 2019 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым күндері сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласында келесі көшелер бойынша қозғалыс шектеледі: Тәуелсіздік көшесі мен Нәжмеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі мен Тәуелсіздік көшесінен Аманжолов көшесіне дейін; Аманжолов көшесі Байтұрсынов көшесінен Нәжмеденов көшесіне дейін; Нәжмеденов көшесі Аманжолов көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін", - деп хабарлады әкімшілік полиция басқармасы.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Супермарафоншы Марат Жыланбаев Ақтөбеге келеді
Өзгелердің жаңалығы