Елорда кіреберісіндегі тасжолда проекциялық жолақтар орнатылды

Республикалық маңызы бар М-36 тасжолында жол қозғалысы қауіпсіздігі шаралары күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Республикалық маңыздағы М-36 "Екатеринбург-Алматы" автожолында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданды. 

Мәселен, автотрассаның 1246 шақырымында (елордаға кіреберіс жол) мамандар түнгі уақытта жанатын "жаяу жүргінші" жол белгілерін, жаңа бағдаршам құрылғысын және проекциялық жолақтарды орнатты. 

Осыдан бірнеше ай бұрын жолшылар дәл осы учаскеде көлік жолдың екінші бетіне шығып кетпес үшін жаңа үлгідегі арнайы қоршаулар орнатқан болатын.

Сонымен қатар осы бас қалаға кіреберіс жолда жаңа жарықдиодты шамдар да орнатылды. Аталған күре жолда көлік қозғалысы ерекше қарқынды. Тәулігіне 15 мыңнан астам автокөлік қатынайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы