Елорда әкімі жылуы жоқ аялдамаларды тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала бойынша жылуы жоқ аялдамаларды тексерді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Бүгін қаладағы жылы аялдамалардың бірқатарына бардым. Жылуы жоқ аялдамалар анықталды. Соның бірі – Республика даңғылымен қиылысатын Сейфуллин көшесіндегі "Жастар сарайы" аялдамасы. Қала бойынша осындай аялдамаларды тексеріп шығу аудан әкімдеріне тапсырылды, - деп жазды ол.
Сондай-ақ, Алтай Көлгінов елорда тұрғындарынан жылуы істемей тұрған аялдамаларды байқаса, нақты орналасқан жерін айтуларын сұрады.
Қала тұрғындарына жайлы болуы үшін жылы аялдамаларды көбірек салуды жоспарладық, - деп қорытындылады сөзін әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы