Елорда әкімі депутаттарды газ тарату жұмысымен таныстырды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламентінің депутаттары газ тарату желілері құрылысының барысымен танысты. Елорданы газдандыру 3 кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда құбырларды төсеу және газ реттегіш пункттерді дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жыл соңына дейін ЖЭО-1,3, Көктал-1,2 мен Агроқалашық елді-мекендерінде газ тарату құбырларының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр.


Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды. Үлкен жұмыс жүргізілді. Железнодорожный, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс елді-мекендерінде газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Бұл үйлерді келесі жылыту маусымы басталғанға дейін газға қосуды жоспарлап отырмыз, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.


Жобаны әзірлеушілер хабарлағандай, газ тарату желілері көше желісі арқылы өткізіледі, тұрғындар газға тікелей қосылады. Әкімдік тұрғындар үшін тегін негізде есептегіштер қарастырды. Екінші кезең -Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2), Тельман (3), Пригородный, Garden Village, Family Village елді-мекендері, ал үшінші кезеңде - Ильинка (1-2), Шұбар (3), Өндіріс (4) елді-мекендері газдандырылады. Іске асыру мерзімі-2020-2023 ж . Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азайуына мүмкіндік береді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы