Елорда әкімі БАӘ делегациясымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Біріккен Араб Әмірліктерінен келген делегациясымен кездесті, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Тараптар білім, мәдениет, инновация, инвестиция салаларындағы өзара ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, туризм мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге жіті тоқталды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов елордада ағылшын құқығына негізделген инвесторларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған "Астана" халықаралық қаржы орталығының табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар АХҚО-дағы экспат-орталығының жұмысы туралы айтты. Экспат орталықта шетелдік инвесторларға ағылшын тілінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

БАӘ-нің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д-р Мохаммад Ахмад Альджабер және Шаржы Атқарушы Кеңесінің мүшесі шейх Фахим бен Сұлтан Аль-Касими көптеген салаларда нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екендерін атап өтті. Осы жылдың ақпан айында Қазақстанның БАӘ-дегі (Шаржа қаласы) мәдениет күндері өтті. Шара шетелдік азаматтардың Қазақстанның мәдениетіне қызығушылығын арттырғандығы сөзсіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы