Елорда әкімі қаланы көгалдандыру туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың экологиялық аумақтардың қатары артып келеді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Қаланың тыныс алу мүшесіндей бұл территорияларды абаттандырамыз: ағаш, бұта, жапырақты және қылқан жапырақты көшеттер отырғызамыз. Өсімдіктерді сақтау мақсатында талдарды кескені үшін отырғызылатын көшеттерді екі есеге көбейттік. Егер бұрын «бірге бес» болса, қазір «бірге он». Триатлон мен Президент саябағын жалғап тұрған көпірасты кеңістік (Сарайшық) қазір адам көп жиналатын, спортпен айналысып, жастардың бас қосатын орнына айналды. Бұған дейін білесіздер, бұл жер бос жатқан еді. Жөндеу жұмыстарымен қоса, коммуналдық қызметкерлеріміз де территорияны абаттандырумен айналысты, – деп жазды Көлгінов.

Сондай-ақ, бүгін ағаш көшеттерінің кезекті партиясын отырғызуға ат салысқан волонтерлер, экобелсенділер, спортшылар, әртістермен және қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барлық азаматтарға ризашылығын білдірді.
Бұл территорияны әлі де гүлдендіреміз. Қазірдің өзінде онда баскетбол алаңы мен балалар алаңы, work-out, бишілерге арналған сахна, йогамен айналысуға арналған орын және т.б. бар. Пирс орнатылып, үлкен футбол алаңы салынды. Биыл осындай 50 қоғамдық кеңістік, 150 жаңа аула абаттандырылды. Көгалдандыру ісі бойынша барлық жерге көңіл бөлеміз. Биыл отырғызылған талдар саны – 30 мың, барлық егілген жасыл-желек 80 мыңға жетеді. Бұл цифрды жыл сайын көбейтіп отырамыз. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында еліміздегі ауқымды көгелдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстарының маңыздылығын айтты. Осы мақсатта бірқатар жүйелі шаралар қабылданды, – деп жазды елорда әкімі. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы