Елорда әкімі қала мектептерінің оқу жылына дайындығын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың 5 мектебінің оқу жылына дайындығын тексерді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

"Оқу орындарында жөндеу және абаттандыру жұмыстары аяқталуда. №10 мектеп-лицейінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дыбыс жазу студиясы ашылды, онда оқытушылар аудиоматериалдар мен арнайы құрылғылардың көмегімен мектеп тақырыптарын түсіндіре алады. Аталған мектепте 300-ге жуық оқушы инклюзивті білім берумен қамтылған. №61 орта мектепте оқу орнын орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде", - делінген таратылған ақпаратта.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов барлық оқу орындары оқу жылының басталуына дайын болуы тиіс екенін атап өтті. Жалпы алғанда, 8 оқу орнында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 26 мектеп косметикалық жөндеу жұмыстарынан өтті. Келесі жылы 14 оқу орнында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы