Елорда әкімдігінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын мақтааралдықтарға аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігінің қызметкерлері Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды. Жиналған қаржы су басқан ауылдардағы инфрақұрылым мен үйлерді қалпына келтіруге арналған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмекпен жүк көліктерін жіберді. Аудан тұрғындарына 40 тонна тауар жіберілді, оның 20 тоннасы ұн, сұйық май, қант, күріш, макарон, кір жуатын ұнтақ, сабын, су сабын сияқты бірінші кезектегі қажетті заттар болатын.

Сондай-ақ шатыр, құрылыс материалдары, жүзден астам кереует, төсек-орын, ыдыс-аяқ пен су сорғытатын жеті насос жөнелтілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы