Елорда әкімдігінде әлеуметтік көмек көрсету сұрақтары бойынша Call-орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында әлеуметтік көмек көрсету сұрақтарына жауап беретін Call-орталығы ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Орталықта атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, тұрғын үй көмегі, қатты отынды сатып алуда көрсетілетін әлеуметтік көмек, мүгедек балаларды оқытуға кеткен шығындарды өтеу мәселелері бойынша барлық сұрақтарыңыз бойынша мәлімет беріледі. Ол үшін келесі телефон нөмерлері арқылы хабарласуыңызға болады:
«Алматы» ауданының тұрғындары үшін: 8 705 645 06 38, 55-68-22;
«Сарыарка» ауданының тұрғындары үшін: 8 705 645 06 53, 55-68-45;
«Есіл»ауданының тұрғындары үшін: 8 705 645 06 71, 55-68-34;
«Байқоңыр» ауданының тұрғындары үшін: 8 705 645 06 92, 55-68-45.
Борыштық жүктемені төмендету мәселелері бойынша кеңес телефон арқылы беріледі, сондай-ақ, Бейбітшілік көшесі, 14 мекенжайы бойынша орналасқан «JANUYA» отбасы институтын қолдау ортылығы мен Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайында орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығынан барып біле аласыз.