Елорда әкімдігінде инвестициялық кеңес өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Алтай Көлгіновтің басшылығымен бейне байланыс арқылы инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. 

Қолдау көрсетілген жобаларды іске асыру шамамен бір мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кеңесте құрылыс материалдары зауытының, "Magnum Cash&Carry" ЖШС гипермаркетінің құрылысы, сондай-ақ білім беру саласындағы бірқатар жоба таныстырылды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов инвесторларды қолдауға тиісті көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
Карантин тәртібіне сәйкес біз онлайн-кездесулерге көштік. Ел экономикасын одан әрі дамыту үшін жаңа жұмыс орындарын құру маңызды. Инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз және инвестициялық климатты жақсарту үшін жұмыс істейміз. Бүгін гипермаркет салу жобасы қолдау тапты. Магнум 16 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бірқалыпты ұстап тұру бойынша қала әкімдігімен ынтымақтасты. Басқа сауда орындарымен бірге "айналым схемасы" жобасына қатысып жатыр. Қала мен тұрғындар үшін қажетті жобаларды қолдаймыз, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы