Елорда әкімдігінде бірқатар инвестициялық жоба қолдау тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Алтай Көлгіновтың басшылығымен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі өтті. Қолдау көрсетілген жобаларды іске асыру бір мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Көтерме-тарату орталығын салу жобасы қолдау тапты. Жоба көкөністерді, жемістерді, етті, балықты, сүт өнімдерін және т.б. сақтау, тасымалдау және сату бойынша қызметтерді орталықтандыруға арналған.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Ел басшылығының инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз және инвестициялық климатты жақсарту үшін жұмыс істейміз, қала мен тұрғындар үшін қажетті жобаларды қолдаймыз, - деді ол.
Кеңесте білім беру саласындағы бірқатар жобалар мен автобус паркі құрылысының жобасы қолдау тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда Nur Otan-ның саяси кеңесі бюросының отырысы өтті
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы