Елорда әкімдігі жанындағы жедел штабқа қалай жүгінуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы жедел штабқа қалай жүгіну керектігін түсіндірді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі жедел штабқа өтініштерді тек ресми арналарға келесі тәсілдермен жіберуге болады:
1. ccc@astana.kz;
2. Әкімдіктің ресми сайты: astana.gov.kz;
3. Telegram чат-бот (t.me/nursultanikomek109_bot);
4. Ikomek109 (PlayMarket / AppStore) мобильдік қосымшасы;
5. Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобильдік қосымшасы.
 
Карантин және ТЖ мәселелері бойынша консультацияларды iKOMEK109 жедел желісі бойынша - 1-0-9 нөмірі арқылы алуға болады.
Жеке мәселелер (жерлеу рәсімі, емдеу және т.б.) бойынша карантин аумағында тұрып жатқан азаматтар өтініш бере алады. Онда өтініш берушінің толық аты-жөні, ЖСН, өтініш беру себебі, тұлғанының жеке басын куәландыратын  құжаттар және кері байланыс нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет.

Басқа email, телефон нөмірлері жарамсыз саналады! Чаттарда жалған ақпарат тарап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарындағы ресми хабарламаларға ғана сенуді сұраймыз, - деп атап өткен елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы