Елорда әкімдігі қонақ үйлердің дайындығын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық әкімдік қызметкерлері қонақ үйлердің келушілерді қабылдауға дайындығын анықтау үшін инспекция өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қала әкімі әуе қатынасының ашылуына байланысты қонақ үйлердің дайындығы туралы мәселе көтерді. Бүгін мұнда санитарлық қорғау шаралары қабылданғанына көз жеткіздік, – деді инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев. 
"Astana Marriott" қонақ үйінің бас менеджері Құралай Оңғарованың айтуынша, дезинфекция және санитарлық норманы сақтау міндетті және бұлжытпай орындалады. 

Бүгін қонақ үйлерді аралап көрдім. Келушілерді қабылдауға дайын екеніне көз жеткіздік – барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева. 
Бүгін "Astana Marriott" және "G Impire" қонақ үйлері тесеруден өтті.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы