Елорда әкімдігі Мақтаарал ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігі Түркістан облысына гуманитарлық көмекпен жүк машиналарын жіберді. Мақтаарал ауданының тұрғындары үшін 40 тонна тауар жиналды.
Мақтаарал ауданының тұрғындары үшін 40 тонна тауар жиналды. Оның ішінде 20 тонна бірінші қажеттіліктегі азық-түлік: ұн, күнбағыс майы, қант, күріш, макарон, сондай-ақ гигиена құралдары: ұнтақтар, сабын, шампунь.
Сонымен қатар, біз Мақтаарал ауданына секундына 300 литр су соратын арнайы сорғы станциясын жібереміз. Құрылғы бір сағатта 1300 текше метр су тартады. Бұл қалалық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен жұмыс, – деді қала әкімдігінің өкілі Нұрлан Сыдықов.
Көмек қатарында құрылысқа қажетті құрал-саймандар, барлық төсек жабдықтары бар жүзден астам кереует, ыдыс-аяқ, суды соруға арналған жеті сорғы бар.
Біз бұл көмек Елордадан Мақтаарал ауданында болған төтенше жағдайды еңсеруге көмектесетініне сенімдіміз, – деді Н.Сыдықов.
Бұған дейін хабарланғандай, Nur Otan партиясының орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік және жеке гигиена өнімдерін жіберген болатын. Сонымен қатар, жүзден астам елордалық ерікті су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысына көмек көрсетуге аттанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 4509 адам індет жұқтырды
Өзгелердің жаңалығы