Елордада санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау рейдтері тұрақты жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда кәсіп иелеріне 500 АЕК-ге дейін айыппұл салынады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлер, санитарлық дәрігерлер мен әкімдік өкілдері дүкендер мен сауда орталықтарына тұрақты түрде тексеріс жүргізеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов мәлімдеді.
Оның айтуынша, басты ескертулер қызметкерлер мен клиенттердің маска кимей жүруіне және санитайзерлердің жеткіліксіз болуына байланысты жасалады.
Қателіктер мен санитарлық шара талаптарын орындай отырып, кәсіпкер өз жұмысын жалғастыра алады. Алғашында нұсқау беріліп, ескерту жазбаша түрде жасалады. Тексеріс барысында СЭС және полиция департаментінің қызметкерлерінің жұмыстары айқын көрінеді. Егер ескертулер жойылмаса, кәсіп иелері айыппұл төлеуге міндетті. Шағын бизнес-100 АЕК, орта бизнес - 200 АЕК, ірі бизнес-300 АЕК-тен 500 АЕК-ге дейінгі соммада айыппұл төленеді, - деді Р.Ыдырысов.Естеріңізге сала кетейік, 21-26 мамыр аралығында 150-ден астам кәсіпорынға мониторинг жасалды. Санитарлық нормалардың сақталмауына байланысты 12 нысан: кафелер, мейрамханалар, барлар, азық-түлік дүкендері, спа-салондар және т.б. жабылды.
Ал “Бруно”, “Roofork” секілді мейрамханаларға ережелер орындалмағаны үшін айыппұл салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Облыс әкімі көктемгі егіс жұмыстары аяқталған алқаптарды аралады
Өзгелердің жаңалығы