Елорда көшелеріндегі муралдар сыры

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтандағы ең алғашқы мурал 2017 жылы "Сарыарқа" ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасына салынған.

Соңғы кездері елордадағы тұрғын үйлердің қабырғасын әдемі суретпен әрлеу сәнге айналып келеді. Елімізде осыдан бірер жыл басталған бұл үрдіс бүгінде Нұр-Сұлтанның бірнеше нысанына әр беріп тұр. Мурал деген не, жалпы?

Мурал – бұл өте ірі көлемді өнер туындысы, көбінесе, қабырға бетіне салынған сурет немесе үлкен граффити. "Мурал" сөзі ағылшын тілінен аударғанда – "қабырғадағы сурет" деген мағынаны білдіреді. Мурал-арт суреттері кез келген жерге бояу жағып кету, ретсіз сурет салу емес, бұл - биік ғимараттардың қабырғаларына жергілікті биліктің арнайы рұқсатымен сурет салуды көздеген заманауи көше өнері.

МАҚАЛАҒА ӨТУ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы