Елорда көшелері 6 сәуірге дейін залалсыздандырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 сәуірге дейін елорда көшелері сағат 20:00-ден 06:00-ге дейін залалсыздандырылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Әкімдік коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында қала тұрғындарын кешкі және түнгі уақытта көшеге шықпай, үйде болуға шақыруда.30 наурыз – 6 сәуір аралығы, сағат 20:00-ден 06:00-ға дейін коммуналдық қызметтер көшелер мен аулаларда, қоғамдық орындарда залалсыздандыру шараларын жүргізеді. Аталмыш шаралардың тиімділігі үшін төтенше жағдай режимі күшейтілген кезеңде сағат 20:00-ден кейін үйден шықпауларыңызды сұраймыз, - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жедел штабының хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда жаңадан құрылған жол тосқауылына автокөлік соғылды
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы