Елорда халқының 40%-ға жуығында ұжымдық иммунитет бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, еліміздің бас қаласындағы жалпы эпиджағдай соңғы 1 айдан бері тұрақты.
Бүгінде 450-ден артық науқас стационарда жатыр. 1500-ге жуық пациент амбулаториялық ем қабылдауда. Жедел жәрдемге түсетін ковид бойынша жүктеме бұрынғыдан артық емес. Бұрын қыркүйек-қазан айларында шілде-тамызбен салыстырғанда індет төмендесе, қазіргі күні төменгі шегіне жетіп, тұрақты түрде тұр, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сондай-ақ ол елордада ұжымдық иммунитет қашан қалыптасатынына тоқталды.
Қаламызда 1 млн 200 мыңнан артық адам тұрады. Соның ішінде 37%-і қазір вакцина алып үлгерді. Ол дегеніміз қазіргі таңда қаламызда 37% халықта ұжымдық иммунитет бар. Жалпы ұжымдық иммунитет тұрақты болу үшін 60%-дан жоғары болу керек. Біз осы көрсеткішке қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді Тимур Мұратов.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада күн сайын Pfizer-дің қанша дозасы салынатыны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балаева Еуропа кеңесі ПА төрағасымен кездесті
Келесі жаңалық
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Өзгелердің жаңалығы