Елордадағы өрт: 12 адам құтқарылды, 25 адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт ас үйде орын алды, онда ас үй керек-жарақтары және ішінара жиһаз жанған. Абырой болғанда қаза болғандар жоқ.
13 қыркүйекте сағат 07:30-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Бұқарбай батыр көшесіне шақыру бойынша шықты, деп хабарлады Нұр-сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметі
Елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда кіреберістен қатты түтін шығып жатты. Сол себепті өрт сөндірушілер дереу азаматтарды эвакуациялауға кірісті. Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер 25 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, 12 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. Қаза болғандар жоқ. Орташа ауырлықтағы улы газдан уланған 1939 жылы туған әйел адам №1 қалалық ауруханаға және 2004 жылы туған қыз бала №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Өрт ас үйде орын алды, онда ас үй керек-жарақтары және ішінара жиһаз жанған. Өрт сағат 07.49-да сөндірілді. Өрт шығуының алдын ала себебі - отты абайсыз пайдалану, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Құрметті азаматтар! Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді:
- үйден шыққан кезде барлық электр және жылыту құрылғысының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
- стандартты емес, қолдан жасалған және ақауы бар электр жылыту құралдарын қолданбаңыз;
- зақымдалған розеткаларды пайдаланбаңыз;
- сіріңкелер мен өртегіш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз, жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- үйде жанғыш сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды сақтамаңыз;
- балкондар мен лоджияларды жанғыш материалдармен, ескі жиһаздармен толтырмаңыз;
- төсекте темекі шекпеңіз.
Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігі шараларын мүлтіксіз сақтау ғана апаттың алдын алады!