Елордалықтар бас қаланың дизайн-кодын әзірлеуге қатыса алады
Қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы дизайн-код қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру, орта дизайны мен эстетикалық көрінісін жетілдіру жөніндегі ережелер мен ұсынымдардың жиынтығы екенін еске салады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты елорданың дизайн-коды бойынша қала тұрғындарының ұсыныстарын қабылдайды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Үш ай бойы институт қала тұрғындары мен сарапшылар қоғамдастығынан астананың дизайн-кодын әзірлеуге қатысты пікірлері мен ұсыныстарын astanagenplan@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылдайтын болады.
Қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы дизайн-код қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру, орта дизайны мен эстетикалық көрінісін жетілдіру жөніндегі ережелер мен ұсынымдардың жиынтығы екенін еске салады.
Басқарма мамандарының айтуынша, дизайн-кодта кеңістік пен қалалық орта объектілерін жүйесіз, ретсіз қалыптастыру тәжірибесінің салдарын жоюға, қала көшелері мен алаңдарын жобалау, тұрғызу үдерісіне белгілі бір тәртіп пен эстетикалық бағыт енгізуге мүмкіндік беретін ережелер әзірленіп, ұсыныстар жасалды.
Сондай-ақ, бірыңғай сәулет стилінің параметрлері "Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңында жазылған. Соған сәйкес республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтары үшін дизайн-код құжатын жасау қажеттілігі көрсетілген, - делінген ресми ақпаратта.
Алайда әзірге бірыңғай дизайн-код тек Нұр-Сұлтанда ғана қабылданды.
- Әлсіз доллар инвесторларды алаңдатты 10:51
- Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды 10:50
- Екі атпен кеткен: Қостанай облысында жоғалған ер адам табылды 10:27
- Жетісудағы дүкенде жойқын жарылыс болды: Ғимараттың бір бөлігі қирап, үш адам аурухана түсті 10:05
- Әлемде: Зеленскийдің мәлімдемесі, Түркиядағы жер сілкінісі, Трамптың Газаға көмегі 09:45
- Биыл елімізде 90 жаңа білім ошағы ашылады 09:13
- Павлодарда офицер жалған уәде арқылы ақша алғаны үшін сотталды 08:45