Елорда азаматы өзімен танысудан бас тартқан әйелді тонады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғыны полицияға белгісіз адамның сағат 05.00 шамасында Бейбітшілік көшесінде оның «Айфон 11» маркалы ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткенін айтып шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында "Сарыарқа" ауданының полиция қызметкерлері 36 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу барысында 32 жастағы жәбірленушінің кафеде демалып отырғанда күдіктімен танысқаны анықталды. Кафе жабылғаннан кейін, ер адам онымен бірге барып, таныстықты әрі қарай жалғастыруға шақырған. Бірақ айел бас тартқан. Бұл ер адамның намысына тиіп, әйелдің ұялы телефон алып қашып кеткен.
Аталған факті бойынша "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Құқыққа қайшы әрекеттер орын алған жағдайда дереу полицияға "102" арнасына хабарлау қажет, - делінген хабарламада.