Елорда әуежайының ұшу-қону жолағы жазда жөндеуден өтеді
Елорданың халықаралық әуежайының ұшу-қону жолақтары жөнделеді, деп хабарлайды BAQ.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуежайдың ұшу-қону жолақтарын жөндеу жұмыстары 2023 жылғы 15 шілдеден 8 тамызға дейін жоспарланған. Бұл уақыт құрылыс кезеңінің неғұрлым қолайлы жағдайларына байланысты. Жөндеу жекелеген учаскелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жолымен жүргізілетін болады, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығын жөндеу жоспарлануда, - делінген хабарламада.
Өткен жылдардағы талдауға сәйкес, жауын-шашынның минималды түсуі және асфальтбетон зауыттарының үздіксіз жұмысы жөндеу жұмыстарын аталған кезеңге белгілеуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су тасқынының алдын алуға мүмкіндік беретін технология ұсынылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы