Елорда әуежайында жаңа CIP залы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрсұлтан Назарбев халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған жаңа демалыс залы ашылды. 




Залда кофеханалар желісі ұсынатын «фуршет» жүйесіндегі тамақтандыру қызметін СIP-зал жолаушыларымен бірге оларды шығарып салушы және қарсы алушы адамдар да ақысын төлеп, қолдана алады. Залдың құрылыс жұмыстарына екі айдай уақыт кетті. Көлемі 629 шаршы метрді құрайды. 50 адамға бірден қызмет көрсете алады. Бұл жерде жолаушыларды тіркеу, багажды орайтын пунктер мен бар қызметтері жұмыс істейді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев  халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.




Сонымен қатар ол жаңартылған залдың халықаралық стандартқа сай безендірілгенін және де ерекшеліктерінің бірі шұғыл келісім бөлмесінің бар екенін айта кетті.




Басқа залдардан ерекшеліктері - балалар бөлмесі бар. Жаңартылған залда келісім бөлмесі бар. Мұнда кез келген жолаушыларымыз өзінің жиналысын өткізіп, талқылау мәселелерінің шешімін таба алады. Мұндай келісім стиліндегі залдар әлемнің 210 елінде бар. Бүгінгі таңда елімізде де бой көтеріп отыр. Әзірше зал бөлмесіне «Қазына» деген атау бердік. Болашақта өзгеруі мүмкін, - деді ол.



Жаңартылған залға «сөйлейтін әуежай» типіндегі LED-экрандар орнатылған. Әуежайдың жарнама операторы Арина Рябухинаның айтуынша, бұл экрандар еліміздің таңғажайып табиғатын жарнамалау арқылы ішкі туризмді дамытуға өз үлесін қосады.



Сонымен қатар отандық таланттарымызды қолдау мақсатында фотограф Валерий Аяповтың OpenKZ жобасын қолдаймыз деген шешім қабылданған. Ол осы жоспарды іске асыруда серіктес болды. Оның еліміздің табиғатын, түрлі аймақтарын түсірген суреттерін залға келген қонақтар QR код арқылы зал қабырғаларынан тамашалай алады. Бұл идея Қазақстанның ішкі туризмінің дамуына өз үлесін қосады.





Сонымен бірге, СIP залына келген жолаушыларды шығарып салушылар мен қарсы алушыларға арналған өткізу жүйесі бар. Оларға залға кіру үшін прейскурант беріледі. Сонда ғана зал қонақтары қызметті толық пайдалана алады.










 Олжас АДАЙ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы