Елорда әуежайынан ұшып шығатын 28 рейс кешіктіріліп жатыр-Шалекенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов айтты.
Қазіргі таңда әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алайда рейстер кешігіп жатыр. Ұшып келетін 36 рейс, ұшып шығатын 28 рейс кешіктіріліп жатыр. 16 рейс тоқтатылды. Оған себеп: елордадағы ауа райының жағдайы мен әуе кемелерінің кешігіп келуі,- деді Шалекенов.
Баспасөз хатшысы жолаушыларды ұшу кестесін анықтап отыруға шақырды.
Жолаушылар рейстердің тоқтатылуы мен кешігуі жайында ақпаратты әуежайдың анықтамалық қызметінен және әуекомпанияларының Call-орталықтарынан біле алады. Кешеден бері әуежайдың ұшып кету және келу жолағы қардан тазартылып жатыр. Жолаушыларды абай болуға шақырамыз, себебі жолдар көктайғақ, - деді Анвар Шалекенов.
Айта кетейік, 29 наурызда елордадағы қатты боранның салдарынан әуежай жұмысын тоқтатқан болатвн. Түнгі 12-ден бастап ол жұмысын штаттық режимде жандандырды.