Елорда атауын өзгерту бойынша жария тыңдаулар 15 қыркүйекте өтеді

Жария тыңдаулар Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді. 

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының көпшілік тыңдауларының қарауына астананы қайта атау мәселесі шығарылмақ. Жария тыңдаулар 15 қыркүйекте өтеді, деп жазады BAQ.KZ қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жария тыңдаулар 2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:00-де қала жұртшылығының, мәслихат депутаттарының қатысуымен онлайн-форматта өтеді, – деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратта көрсетілгендей, қала тұрғындары мен барлық тілек білдіруші елорда мәслихатының Facebook-тегі ресми парақшасында өтетін жария тыңдауларға қатыса алады.

Бұдан бөлек журналистерге Zoom арқылы қатысу үшін сілтеме қолжетімді болмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы