Елорда атауын ауыстыруға қосымша қаржы жұмсалмайды - министрлік
Қаржы министрлігі Нұр-Сұлтан атауының өзгеруіне қанша қаражат кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Парламент астананың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, қаражат негізінен ғимараттардағы маңдайшалар мен бланкілерді ауыстыруға қажет болады. Бұл ретте бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процестерді цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат шегінде, қосымша ақша бөлусіз іске асырылуы мүмкін. Қосымша қаражат қажет емес, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыс Қазақстан облысында «Бекет-2022» оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы