Елордада опырылған асфальтқа автокөлік түсіп кете жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Жағалау ауданында сауда үйінің маңындағы су құбырының құдығын су шайып, бетіндегі топырақ опырылған. Оған автокөлік түсіп кете жаздады. "Астана су арнасы" мекемесі бұл оқиғаны растады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде оқиғаның фотосуреттері жарияланған болатын.
2019 жылдың 31 желтоқсанынан 2020 жылдың 1 қаңтарына қараған түні шамамен сағат 1:30-да Жағалау ауданында сауда үйінің маңындағы су құбырының құдығын су шайып, бетіндегі топырақ опырылды. Шұңқырға түсе жаздаған көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ, көлікке де зақым келмеген. Оның ешкімге шағымы жоқ. Келесі күні таңертең Астана су арнасының қызметкерлері шұңқырды топырақпен көміп тастады, - деп хабарлады "Астана су арнасы" МКК баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ержан Максимнің Мәскеуден жолдаған құттықтауы
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы