Елорда әкімі: Спорт мекемелеріндегі бос орындарды ұтымды пайдалану қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды.
Қала тұрғындарын спортқа бейімдеп, бұқаралық спортты дамыту үшін саябақтар, скверлер, аулалар, жаңа спорт кешендерін саламыз. Спорт кластері пайда болмақ. Спорт мекемелері тек кәсіби ойындар мен қойылымдарды өткізуге ғана емес, сонымен қатар балаларымызды жаттықтыруға да керек. Бұл жастарды ынталандырады. Өйткені олар белгілі спортшылар жаттығатын кәсіби алаңда жаттығып, одан да көп тырыспақ, - деді Көлгінов.
Қала әкімі спортшылар үшін де, балалар үшін де жағдай жасау үшін бірқатар спорт нысаны жөнделгенін айтты.
«Астана Арена» стадионында өткізілген жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. «Астана Арена» стадионында футбол алаңы ауыстырылды - енді ол FIFA стандарттарына сәйкес келеді, дренаждық жүйені, ирригациялық жүйені жаңарттық (бұрын алаңды шлангпен суаратын). Сондай-ақ киім шешетін бөлмелерге ағымдық жөндеу жүргізілді, - деді ол.
Оның айтуынша, тағы бір маңызды мәселе - спорт мекемелерінің бос орындарын ұтымды пайдалану.
«Астана Арена» стадионы базасында жауынгерлік өнер залы ашылды. Онда спорттың 8 түрі дамиды: панкратион, джиу-джитсу, самбо, каратэ, күрес, кикбоксинг және т. б. Сонымен қатар үрлемелі футбол корты жөнделді (Жирентаев көшесі, 15, Б, Алматы ауданы). Онда біз көптен бері жарамсыз болып қалған футбол алаңы мен манежді толығымен алмастырдық. Сондай-ақ киім ауыстыратын бөлмелер мен ғимарат ағымдық жөндеуден өтті. Сонымен қатар велоспорт бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне және атыс командасына қосымша жабдықтар берілді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, федерацияларды одан әрі қолдап, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасайтын боламыз, - деді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы