6 Шілде 2020 2020, 16:50
Елорда әкімдігі: Мерекелік отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Елорда күніне арналған отшашуды онлайн тамашалауға болады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Елорда күніне арналған отшашуды онлайн тамашалауға болады.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.
Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Тікелей эфирде сағат 23:00-де Хабар24 телеарнасынан көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады, - делінген хабарламада.
Отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады.
Тұрғындар санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиіс.