Елордада ашылған Абай мектебі туралы не білеміз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы атындағы жаңа мектеп-гимназия ашылды.

Бұл білім ордасы «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы №55
жарлығының 1.2-тармағын орындау мақсатында 2019-2020 жаңа оқу жылында ашылып отыр. 

Мектеп 900 орынға арналған.

Премьер-министр Асқар Мамин, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтер ашылу салтанатына қатысты.

Үкімет басшысына «Абайтану» кабинеті мен мектеп музейі көрсетілді. Келушілер сонымен бірге, «Жасыл технологиялар» кабинеті мен «Виртуалды ғылыми лабораторияларды» да аралап көрді.

Мектеп гуманитарлық бағытта жұмыс істеп, балаларға мемлекеттік тілде білім береді. 

Оқу кабинеттерінің саны – 36. Қазіргі таңда мектепке 1026 бала қабылданды, оның ішінде 1-сыныпқа 153 бала.

Мектеп құрылысы 2017 жылғы ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша басталған.

Жаңа Мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы - А.О.Қашаева.

А.О.Қашаева Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Осыған дейін Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында директордың орынбасары болып қызмет атқарған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы