Елордаға кіреберісте ұзын-сонар кептеліс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты, яғни екпінді жел мен көктайғақтың кесірінен жолдарға шектеу қойылып, мектептерде сабақ тоқтатылды. Дегенмен қала маңында тұратын тұрғындар посттан өтпек болып жатыр. Салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болды. 

Видеода Қосшы маңындағы трассадағы кептеліс. Куәгер көлігінен шығып, жол бойындағы кептеліс пен жол апатын түсіріп алған екен.

Видеодан көріп отырғанымыздай, көліктер жол бойында бей-берекет орналасқан.

Мында 20 шақты машина бар. Кептеліс. Сондықтан қаладан шығуға асықпаңыздар, - дейді көлік иесі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы