Елордаға келген жас мұғалімдер жатақханаға жолдама алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.
Оқу жылының соңында педагогикалық кадрға деген қажеттілік 842 адамды құрады. Негізінен бұл орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, логопед, дефектологтар мен мектепке дейінгі арнаулы тәрбиешілер қажет. Білім беру ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету бойынша қала бойынша жол картасы жасақталып, бекітілді. Оның аясында ТжКБ білім беру мекмелерімен жұмыс жүргізілуде, - деді Шолпан Қадырова.
Ол атап өткендей, биылдан бастап білім басқармасының сайтында бос жұмыс орындарының HR порталы ашылды.
Онда білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге ынталы кез келген адам өтініш бере алады. Басқа өңірлерден келген жас мамандарға 2019 жылы ашылған жатақханаға жолдама алуға болады. Елордада мектеп құрылысына сұраныс жоғары. Биыл 100 оқушыға арналған 14 нысанды іске қосу жоспарлануда, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы