Елордаға Арыстан 200 бала келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Нұр-Сұлтанға Арыс қаласынан 200 бала келді. Елорда вокзалында балаларды қала әкімі Алтай Көлгінов қарсы алды, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Ɵз сɵзiнде əкiм оларды елорданың көрікті жерлеріне кɵңiлдi экскурсиялар, концерттік және цирк бағдарламалары, танымал адамдармен қызықты кездесулер күтіп тұрғанын атап өтті.



"Біз Арыс қаласынан зардап шеккен 200 баланы қарсы алдық. 5-7 сынып оқушылары мұғалімдермен бірге келді. Олар елордада екі апта бойы болады. Бұл бірінші топ, ал биылғы жазда Арыс қаласынан 1000-ға жуық баланы қабылдаймыз", - деді Алтай Көлгінов.



Өз қатарластарын белгілі әнші Ержан Мақсим құттықтады. Ол қонақтарға кɵңiлдi демалыс тіледі. Оқушылар 20 ұстазбен бірге келді. Елордада олар Оқушылар сарайы, Нұр-Әлем сферасы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ұлттық мұражай, "Астана-Бәйтерек" монументі, "Астана-Опера", Тұңғыш Президент мұражайы, "Атамекен" этно-мемориалдық кешені, "Алау" мұз айдыны, "Сары-Арқа", "Барыс Арена", "Астана-Арена" спорт кешендері және т.б. сияқты қаланың көрікті жерлерін аралайды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы