Елорданың 6000 отбасына азық-түлік таратылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж халыққа тікелей атаулы көмек көрсету бойынша екінші толқын басталады. 

Акция "Nur Otan" партиясының хатшысы Арман Қырықбаев пен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен іске қосылады. "Nur Otan" және "Jas Otan" еріктілерінің құрылған мобильді топтар бірінші қажеттіліктегі тауарларды, оның ішінде медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды, мұқтаж жалғызбасты қарт адамдарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және Астанада аз қамтылған көп балалы отбасыларға байланыссыз жеткізуді қайта бастайды - делінген "Jas Otan" жастар қанатының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Акцияның екінші толқыны барысында елорданың 6 000 отбасы азық-түлік себетімен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, бұрын көмек көрсетілмегендерге азаматтарға қолдау көрсетіледі. Тізімдер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пысықталатын болады.

Айта кету керек, акцияның І кезеңі барысынла "Jas Otan" еріктілері ел бойынша 56 мың мұқтаж отбасына көмек үлестірген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы