Елоданың орталық көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Қабанбай және Тұран даңғылдарының бір бөлігінде қозғалысқа ішінара шектеу қойылады. Қозғалысқа шектеу жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында жатқан №24 көше бөлігінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында №24 көше мен Тұран даңғылының қиылысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастамақ. Осыған орай 15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында аталған жол учаскесінде көлік құралдарының қозғалысына ішінара шектеу қойылады.
«Қала көшелерінде кептелістер тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алды ала жоспарлауы қажет», - деп мәлімдеді ведомствода.
«Қала көшелерінде кептелістер тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алды ала жоспарлауы қажет», - деп мәлімдеді ведомствода.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы