Элмира «Иван Ярыгин» турнирінің жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер күресінен Қазақстан командасының өкілі Элмира Сыздықова «Иван Ярыгин» беделді Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ақтық жарыста Сыздықова Беларусь спортшысы Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ұтты.

Атап өтейік, жартылай финалда ол Мария Силинаны сенімді ұтқан. Жарыс Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы