El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі «Үркер-2023» сыйлығын жеңіп алды

«Үркер-2023» баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы ұлттық сыйлықтың он екі номинациясы бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

El.kz тілшісі Амангүл Тілей «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал» номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистика саласындағы «Үркер-2023» жыл сайынғы жүлдесін марапаттау рәсімі Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтті. Амангүл Тілейге мүсін мен бір миллион теңге табыс етілді.

Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім түскен. Шорт-листке 48 номинант енді. Биыл байқау 12 номинацияда өтіп жатыр. Оның ішінде медиа саласын дамытуға үлесін қосып жүрген медиа мамандарына жаңа номинация қосылды.

Олар: «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube канал».

Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларға өз сөзін арнады.

Әр жыл сайын «Үркер» сыйлығы жобасының өз жаңалығы болады. Осы дәстүрден айнымай биыл да байқауға жаңа 3 номинация қосылып отыр. Біз әрқашанда жаңа медианың дамуына, креативті индустрияның өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастыра береміз, - деді ол.

Сонымен «Үркер-2023» сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты: 
Лэйла Тастанова - Time.kz

Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: 
Амангүл Тілейқызы - El.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация): 
Анна Величко - Golos-naroda.kz

Жылдың үздік аналитикалық материалы: 
Меруерт Сарсенова - Kapital.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы: 
Nege.kz

Радиостанциядағы үздік жоба: 
«Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы

Жылдың үздік фотосуреті: 
Валерий Бугаев

Үздік өңірлік БАҚ: 
«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы): 
«Қазақ елі» журналы (Түркия)

Үздік подкаст: 
«OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан

Үздік YouTobe каналы: 
Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live»

Номинанттарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы