Элизабет Тұрсынбаева Этери Тутберидзенің шоу бағдарламасында өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының мүшесі Элизабет Тұрсынбаева танымал жаттықтырушы Этери Тутберидзенің шоуына қатысатын спортшылар қатарына енді, деп жазды olympic.kz.

2020 жылдың 3 сәуірі күні Пермь қаласында басталатын шоуда Тұрсынбаевадан бөлек, Олимпиада чемпионы Алина Загитова, Александра Трусова, Алена Косторная, Анна Щербакова, Камила Валиевалар өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, ресейлік жұлдыздар Евгения Тарасова, Владимир Морозов, Виктория Синицына, Никита Кацалаповар да айдынға шығады.   




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы