Элиталық тұқым егіншінің бәріне жете ме?

Жетісулық егіншілер элиталық тұқымға ерекше ден қойып отыр. Биыл өңірде оның үлесі 3 пайызға дейін артпақ. Яки, Жетісу даласына 3 мың тоннаға жуық таңғажайып дән себіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа сортты шаруалардың қалтасы көтермейді

Элиталық тұқым шаруалардың бәріне бірдей бұйыра бермейтін бақ. Бірінің қолы жетсе, бірінің қолы жетпейді. Осы сәтте неге олай деген заңды сауал туындайды. Себебі, шетелден келетін сапалы сорттар қымбат. Ал отандық тұқымды дамытатын арнайы институттар жоқтың қасы.

Әрине, осындағы шаруалардың бәрі сапалы тұқымды алғысы келеді. Оның өнімділігі де өте жоғары. Франция, Германия, Дания сынды мемлекеттерден келетін сорттарға қол жетпейді. Мәселен, «Ванилла», «Мустанг», «Хоней» сынды қант қызылша сорттарының өнімділігі қолдағы сорттардан гектарына 60-70 центнерге артығырақ. Қазір түрлі сорттар сатылымға шығып кетті. «Данюша», «Тарпеда» сорттарының да нәтижесі жақсы. Жалпы өңірдегі егіс көлемінің артуына бірден бір фактор ол тұқымның сапалысы. Біздің шаруаларға осындай қолданыстан өткен, суды, күтімді көп қажет етпейтін сорттар қажет, - дейді алакөлдік шаура иесі Асылбек Оңғаров.

Элиталық тұқымды шаруалардың бәрі алғысы келеді. Мәселе бағасында. Ал отандық тұқымдардың сапасы олардан кем түспегенімен, таралуы өте төмен. Тіпті кейбір шауралар олардың барын да білмейді. Білмейтіндей-ақ бар, оған министрлік көңіл бөліп отқан жоқ. Мәселен, былтыр Жетісу жерінде өткен Ұлттық ғылым академиясының жиынында, біздің ғалымдардың тәтті түбірдің 7 жаңа сортын ойлап тапқаны айтылған. Шетелдің нұсқадан әлдеқайда тиімдірек әрі өнім көлемі де жақсы.

Отандық ғалымдардың мәліметінше, біздің ең үлкен мәселе – тұқым өндіретін ғылыми орталықтардың жоқтығы. Мәселен, дәл қазір дәнді дақылдардың сапалы сортын өндіріске шығару үшін елімізге 200-ге жуық арнайы институт қажет екен. Оларды сынақтан өткізу де күн тәртібінде тұрған мәселе. Шаруалар бағасы арзан деп егістікке толық егіп сала алмайды. 1-2 жыл қатарынан 1-2 гектар жерге сеуіп көреді. Сосын барып, тұқымның сапасы көз жеткізген соң, бірте-бірде топыраққа баулиды.

Бүгінде Жетісуға ғылыми-зерттеу институттары мен тұқым өндіруші орталықтар бірлесе әрекет еткені абзал. Сортсынақ уческелері шетелдік өнімге басымдық берме, отандық тұқым өндірісін ұлғайтуға күш салуы тиіс. Осылайша жаңа сұрыптарды қолданысқа енгізіп, сынақтан өткізу жұмыстарын бірге атқаруы қажет. Ең өкініштісі, кейбір шаруалармонодақылдарды өсіруге бейімделіп, жыл өтен сайын өнімділігін жоғалтып жатыр. Сондықтан қара топырақтың құнарын зерттеп, сапалы сорттарға басымдық беруге тырысқан жөн. Бізге ауыспалы егістік жүйесін пайдалану қажет. Ол жоғары өнімділікті ғана сақтап қоймай, дақылдардың бітік шығуына жәрдемдеседі, дейді қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының басқарма басшысы Бақытжан Дүйсебеков.

Тұқым тек қолма қол ақшаға сатылады

Осы тұста элиталық тұқымды әр шаруаға мөлшерлеп берген ауылшаруашылық басқармасының әрекетіне қарап, өңірлік шаруаларды алалап жатыр ма деген ойға келесіз. Себебі, қант қызылшасын енді қолға алған не ауылда бір де бір техникасы жоқ жалдамалы шаруаларда қолы жетпейді.

Биыл көлбайлық азаматтар 200 га жерге егуді жоспарлап отыр. Өзімізде техника жоқ еді, бүгінде ел азаматтары 9 миллионнан қызылша себетін техника алып келді. Элиталық тұқым былтыр 5 гектарға себілсе, биыл 30 гектарға себіледі Элиталық тұқым өте қымбат, қазір нақты бағасын айта алмай тұрмын. Мұнда тұқыммен қатар дәрісі бірге сатылады және екеуі бірге себіледі. Берілген дәрі арамшөптің өсуіне жол бермейді, тек қызылшаның өзіне басымдық береді. Сосын элиталық тұқым басқа тұқымдар сияқты реализациямен берілмейді. Күзде өнімді жинағанда есептесеміз деген сөз жүрмейді. Тек қана қолма қол ақшаға сатып аласыз. Ал халықтың көбісіне қолма қол ақша болмауына байланысты, жәй тұқым алады. Сөйтіп егін соңында есептеседі, - дейді Көлбай ауылының әкімі Ержан Шакеров.

Оның айтуынша, көлбайлық азаматтар былтыр қант қызылшасынан жақсы нәтиже көрсеткендіктен биыл егіс көлемін ұлғайтқан. Биыл да былтырдан кем өнім алмаймыз деп отыр. Оның үстіне аз-аздан техника алып, ісін жандандыруда.

Осы ретте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, осы жылы жалпы өнімге қажетті 57,7 мың тонна жаздық дақылдар тұқымы даярланған. Бүгінде олардың бәрі зертханалық тексеруден өткізіліп, сапасы анықталып жатыр. Соңғы күннің нәтижесіне сүйенсек, зерделенуге жататын 33,4 мың тонна жаздық дәнді-дақылдар тұқымының 29,4 мың тоннасы нақты електен өтіп, соның 25 мың тоннасының сапасы анықталған. Мұны бізге облыстық ауылшаруашылық басқарамысының басшысы Нұрдәулет Кененбаев айтып берді.

Биылғы жоспар шеңберінде қолданылатын элиталық тұқым үлесін 2,6 пайызға жеткізбек ниеттеміз. Сол жоспар негізінде шаруалараға 2,5 мың тонна көлемінде элиталық тұқым берілді. Ол жерде тек дәндік жүгері, бидай, арпа, соя, күнбағыс, қант қызылшасы ғана емес, азықтық дақылдар, яки картоп тұқымдары да бар. Бүгіне Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты қарап отырмай, тұқым өндірушілермен және өткізушілермен одан әрі тығыз қарым-қатынас жасауда. Оған қоса біз өңір көлемінде өтіп жатқан түрлі семинар-жиындар барысында қолда бар жоғары репродукциялы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын шаруашылықтардың назарына ұсынып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Неге дсеңіз, өнімнің шығымы жақсы болуы үшін тұқым сапалы болуы үлкен рөл атқарады, дейді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда бекітілген кестеге сәйкес 76 шаруашылыққа 1548 гектарға жететін 2234 себу бірлігі таратылған. Келіп түскен өтінімдерге сай өңір аумағына 13,5 мың гектарға жететін қант қызылшасының тұқымы жеткізілген. Әдеттегідей шаруашылықтарды қажетті тұқымды Көксу қант зауыты мен «Жетісу» ӘКК-дан сатып ала алады. Тағ бір айта кететін жайт, «Әлем Агро» серіктестігі Конвизо-Смарт тұқымын жеткізіп беруге шаруашылықтармен келісімшартқа отырып жатыр. Бұл облыстағы шаруа қожалықтарына сапалы тұқым түйткілін шешуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес өңірде егістіктің әртараптандыру жүйесі қолға алынбақ. Осы орайда субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізілген. Ең бастысы қант қызылшасының инкрустацияланған 1 себу бірлік тұқымына төленетін субсидиялау нормативі 16174 теңгеден 18795 теңгеге, жартылай драже 18312 теңгеден 24058 теңгеге, драже 27175 теңгеден 34424 теңгеге артқан. Мұны естіген шаруалар қуанып отыр

Айта кетейік, жалпы элиталық тұқымдардың бағасына арнайы субцидия қажет секілді. Себебі кіші шаруалардың жағдай көтере бермейді. Оның үстіне қолма қол ақшаға емес, жыл соңында қызылшаға есептесу кестесін құрау керек сияқты. Шағын шаруалар соны сұрап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы