Элиталық саяжай мен демалыс орындары: Шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскелерін элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар аталған өңірде азаматтарға жалған құжаттар ұсыну арқылы 26 жер учаскелерін рәсімдегені және 28 жер учаскелерінің орнын заңсыз өзгерту фактілері болған.

Жергілікті атқарушы органдар Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы 200 ауыл шаруашылық жерлерінің нысаналы мақсаттарын негізсіз тұрғын үй құрылысы және демалыс аймақтарына өзгерткен.

Аталғандардың негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек прокурорлардың ұсынысы негізінде мемлекеттік органдар 400-ден астам жерді мемлекет меншігіне қайтару процесін бастады, - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы