Элитада қайшылық та, текетірес те жоқ – Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жасаған үндеуінде айтты.

Менің атыма келіп түскен көптеген өтінішке және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдарға байланысты жауап берейін. 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым және сол уақыттан бері зейнеткермін. Қазақстанның елордасында демалыстамын, ешқайда кеткен емеспін, – деді Назарбаев.

Елбасы атағандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке толық ие.

Ол  – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жақында Президент Nur otan партиясының төрағасы болып сайланады. Демек, элитада қайшылық та, текетірес те жоқ. Бұл тақырыптағы қауесеттер мүлдем негізсіз.Менің 30 жыл бойы Отанымыз үшін аянбай еңбек еткенімді бәрі біледі.Біз оның шекарасын нығайттық. Біз прогрессивті реформалар жүргіздік, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы