Елішілік қазақстандықтарға Ұлыбританияға барудан бас тартуды ұсынды

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елшілігі қазақстандықтарға Ұлыбританияға барудан бас тарта тұруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдегі бірқатар өңіріндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі Қазақстан азаматтарына Ротерхэм, Болтон, Блэкпул, Халл, Бристоль, Сток-он-Трент, Белфаст, сондай-ақ Манчестер және Ливерпуль қалаларының маңындағы қалаларға осы өңірлердегі жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша барудан бас тартуды ұсынады.

Қазіргі уақытта аталған елді мекендердегі Қазақстан азаматтарынан қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ ҚР Ұлыбританиядағы елшілігімен байланыста болуды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Ұлыбритания аумағындағы ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін шұғыл байланыс желілері бар.

Ұлыбританиядағы елшілігінің байланыстары

+44 7900 511 535 (шұғыл ұялы телефон)

Эл. пошта: consul@kazembassy.org.uk

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы