5 Қараша 2024 2024, 18:31 Фото: Борт№1 Телеграм арнасы

Елисей сарайының бағында Тоқаев пен Макрон серуенге тазыларды ертіп шықты

Елисей сарайының бағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бейресми әңгіме өрбітті, деп хабарлайды BAQ.KZ Борт №1 Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Елисей сарайының бағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бейресми әңгіме өрбітті, деп хабарлайды BAQ.KZ Борт №1 Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары серуенге Жюль және Жанна атты тазыларды ертіп шықты. Бұл асыл тұқымды тазыларды былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің Қазақстанға жасаған сапары кезінде сыйға тартқан болатын.