Елімізге жылыжайлар қажет - Серік Жұмағарин

Өткен сенбі күні Сарыағаш ауданында Түркістан облысының фермерлерімен кездестім. Конструктивті диалог құрдық. Осылай Серік Жұмағарин өзінің жеке әлуметтік парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ

Республика бойынша жылыжайлардың 67% Түркістан облысына тиесілі. Олардың жалпы аумағы 844 га.

Түркістан облысы жылыжайлардың шоғырланған, әрі қарқынды дамып келе жатқан өңіріміздің бірі. Басқа аймақтарда жылыжайлар саны ондай көп емес: Шымкентте - 139,2 га, Алматы облысында - 79 га, Қарағанды облысында – 43 га, Ақтөбе облысында– 38 га, ал, қалған облыстардағы шаруашылықтардың саны бұдан да аз. Бүгін Түркістан өңірінің әкімдігімен қардан және көгілдір отыннан қол үзіп қалған егіншілердің мәселелері шешіліп жатыр. Бұл 46 гектарлы жылыжайлары бар 170 шаруа қожалығы. Үкімет осы саладағы кемшіліктерді шешіп, келешекте осындай олқылықтар орын алмас үшін жүйелі шаралар әзірлеуде,- дейді ол.

Ол соңғы жылдары жылыжайлардағы көкөніс өндірісі мен жылыжай шаруашылықтарының саны азайып бара жатырқаннын айтты.

 

 Алдын ала мәліметтер бойынша, жылыжай қызанақтары мен қиярларының жалпы өнімі 2022 жылы еліміз бойынша 181 мың тоннаны құраса, 2021 жылы аталған көкөністердің саны 253 мың тонна болған. Шаруашылықтардың алқаптары 1,5 мың гектардан 1,2 мың гектарға дейін қысқарған. Оның негізгі себептері - өнім өндірудің өзіндік құнының жоғары болуы және бизнестің төмен табыстылығы. Мемлекеттік қолдау шаралары бар, оларды негізінен өнеркәсіптік жылыжайлар алады. Десе де, барлық өндірушілер тыңайтқыштар мен пестицидтерге субсидия алуға құқылы, ол үшін олар өз шығындарын растау қажет. Бұрынырақ жылыжайларда өнім өсірсе де өсірмесе де гектарлық субсидиялар берілген болатын. Бұл әдістің тиімсіздігіне байланысты аталған субсидиялардың берілуі 2018 жылы тоқтатылды, - деді ол.

 Сондай-ақ ол елімізге жылыжайлардың  қажет екенін айтып өтті.

Бұл Үкіметтің шешімі. Мемлекет жылыжай түріне байланысты градациямен шаруашылықтарға субсидияларды қайта әкелуге дайын. Бірақ, ол үшін біз жұмыстың нәтижесін талап ететін боламыз. Ол дегеніміз, маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөністермен қамтамасыз ету және жиналған егіннің 70%-ын нарықтық бағамен өткізу. Екіншісі – сертификация. Болашақта субсидия алу үшін жылыжай өндіріс стандарттарына сәйкес келуі шарт. Ол үшін жылыжайларға арналған ұлттық стандарт қабылданады. Техникалық реттеу және метрология комитетіне тиісті тапсырма берілді. Кездесу барысында шаруаларды әзірленетін стандарттарға белсенді қатысуға, өз тәжірибелері мен білімдерімен бөлісуге шақырдық, -деді ол.

Көмірмен қамтамасыз етуге тоқталсақ, Индустрия министрлігі жылыжайларға разрездерден делдалсыз көмірді жеткізу бойынша шарттар жасасу үшін еліміздің негізгі өндіруші кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Кездесу кезінде бір-бірімізді тыңдап, негізгі мәселелерде ортақ түсіністік орнады десем артық кетпеспін. Шаруалардың өздері шағын шаруа қожалықтарының кооперациясын қолдап, жоспарлау мен стандарттаусыз бизнесті дамыту мүмкін емес екенін түсінеді. Шешім әрине бар. Бірлесіп саланы дамыту үшін тиімді шаралар әзірлейтінімізге сенемін, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Автордың әлеуметтік парақшасынан
Өзгелердің жаңалығы