Елімізге жаңа мобильді оператор келе ме?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Tele2 мобильді байланыс операторын қатарлық компания сатып алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист министрге "Үкімет мобильді байланыс саласына инвестор тартуды көздеп отыр ма? Қазақстанға алдағы жылдары қай елдерден байланыс операторлары келуі мүмкін? Сіздің ойыңызша, сол кезде баға төмендей ме?" деген сұрақ қойды.
Қазіргі таңда елімізде 3 мобильді байланыс операторы бар. Олар - "Билайн", Tele2 және Kcell компаниялары. Өздеріңізге мәлім, Tele2 байланыс операторын Қатар елінің компаниясы сатып алады. Олар инвестиция салуды осы айда немесе келесі айда аяқтауы мүмкін. Ал енді басқа байланыс операторы келе ме, келмей ме белгісіз. Өйткені ондай болжамымыз жоқ. Меніңше, ел нарығына 3 мобильді байланыс операторының бәсекелестігі жеткілікті, - деді Жаслан Мәдиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төленбеген қарыз шетелге шығуға кедергі жасайды
Келесі жаңалық
Жамбыл облысында балаларды қорғау бойынша II форум өтті
Өзгелердің жаңалығы