Елімізге Түрікменстаннан 256 адам көшіп келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 13 мамырда Түрікменстан Республикасынан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «Түрікменбашы – Болашақ – Жаңаөзен» бағыты бойынша еліміздің Жаңаөзен қаласына жеткізілді. Бұл туралы «Отандастар» ұйымы хабарлады, деп жазды NEGE.

Қандастар отырған арнайы пойызда 8 жолаушылар, 2 жүк вагоны және 1 дизель локомотиві бар.

Қандастарды қарсы алу жұмыстарын ұйымдастыруға ҚР Сыртқы істер министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік Шекара қызметі, Маңғыстау облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Отандастар қоры» КЕАҚ пен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өкілдері атсалысты.

Елге келген қандастардың визалық құжаттары толық дайын, жұқпалы індетке қатысты ПТР-тест анықтамалары берілген.

«Елге ел қосылса – құт» дегендей түркімен жерінен келген көштің екінші керуені атажұртқа ат басын бұрды. Осыған дейін ақпан айында Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келген еді. Бір қуанарлығы, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты сырттағы қандастардың елге келуі қайта жандана бастады. Ұрпағының келешегін, атажұртының болашақ дамуынойлаған қандастарымыз елге құр қол келген жоқ. Өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп, қосымша мамандық игеретін болады, – делінген хабарламада.
 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы