Елімізге «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, еліміз Ресеймен «Спутник-Лайт» вакцинасын жеткізу ықтималдылығы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Министрдің сөзінше, жеткізу мерзімі әлі пысықталу үстінде. Аталған вакцина елімізге 2022 жылы жеткізіледі деген жоспар бар.Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Ресейлік әріптестерімізден «Спутник Лайт» вакцинасының тек бір ғана жеке компонентін жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат сұраттық. Алайда дәл қазіргі сәтте бізге көп көлемде қажет емес. Қолда бар вакцина ревакцинация жүргізу үшін жеткілікті, - деді еліміздің бас дәрігері Үкімет отырысының кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Ал «Спутник Лайт» екпесін Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығаруға келсек, ол жерде тәжірибелік партия өндірілді. Қазір өндіріс мәселесі талқылануда. Менің білуімше, алғашқы сынақ партиясы сәтті өткен, олар белгіленген талаптарға сәйкестікті растады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алексей Цой республикада жаңа жыл кешін өткізуге рұқсат беріле ме деген сұраққа жауап берген болатын.